Accessibility links

Грузия: Ұсталған фототілшілер Ресейге құпия ақпарат берді


Журналистер Тбилисидегі ішкі істер министрлігі ғимараты алдында наразылық танытып жатыр. 8 шілде 2011 жыл.
Журналистер Тбилисидегі ішкі істер министрлігі ғимараты алдында наразылық танытып жатыр. 8 шілде 2011 жыл.
Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, "тыңшылық жасады" деген күдікпен ұсталған фотожурналистер Ресейге құпия ақпарат берген.

Министрлік Еуропалық Прессфото агенттігінің фотографы Зураб Куртсикидзені өзге екі фотожурналист түсірген суреттерді Ресей қорғаныс министрлігінің барлау қызметіне жолдаған деп айыптады.

Грузиядағы адам құқықтарын қорғаушы белсенділер тұтқындауларға байланысты сөз бостандығы мәселесін көтеріп отыр.


Бейсенбі күні қамауға алынғандар - "Еуропалық прессфото" агенттігінің суретке түсірушісі Зураб Куртсикидзе, тәуелсіз журналист Георгий Абдаладзе, президент фотографы Иракли Геденидзе мен оның әйелі Натия. Ал "Ассошиэйтед Пресстің" фототілшісі Шах Айвазов ұсталып, кейінірек босатылған.
XS
SM
MD
LG