Accessibility links

Ауғанстанда екі шетел сарбазы оққа ұшты


Ауғанстанның Панжир уәлаятындағы әскери базада елдің барлау бөлімінің қызметкері оқ атып, екі шетел сарбазын өлтіріп, үшіншісін жаралады.

Бұл туралы полиция басшысы генерал Қасим Жунглебағ «Рейтерс» ақпарат агенттігіне хабарлады.

НАТО жетекшілік ететін халықаралық қауіпсіздік күштері сенбі күнгі оқиғаны растап, басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
XS
SM
MD
LG