Accessibility links

Мәскеуде ұлтшылдықпен айыпталған 13 адам сотталады


Мәскеу округтік әскери соты дүйсенбі күні "Ұлттық-социалистік қоғамның" 13 мүшесіне үкім шығарады.Олар ұлтараздықты қоздырып, 27 адамды өлтірді және лаңкестік жасамақ болды деп айыпталды.

Бұл турасында Ресей құқықтық және соттық ақпарат агенттігі сот баспасөз хатшысы Ирина Жирнованың айтқанына сілтеме жасап хабарлады. Жеті айыпталушыға өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесу сұралып отыр.

Биылғы ақпан айында Ресей Жоғарғы соты "Ұлттық-социалистік қоғамды" экстремистік ұйым ретінде танып, тыйым салған еді.
XS
SM
MD
LG