Шілденің 11-іне ауған түні сағат 01:30 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы жалпы тәртіптегі түрмеде төтенше жағдай болды.
Дүйсенбі күні әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті осылай деп хабарлады.
Хабарламада бір топ жазасын өтеушінің ішкі әскердің сақшы пунктіне қарулы шабуыл жасағаны айтылған. АК-159/21 түзеу мекемесінде болған атыста екі түрме қызметкері мен күзетшіге оқ тиіп, жараланған. Жараланғандардың бірі қаза тапқан.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жазасын өтеушілер топтасып қашуға әрекеттенді деп мәлімдеді.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.