Accessibility links

Суға батқан "Булгария" кемесінен 13 адамның сүйегі шығарылды


"Булгария" теплоходы.
"Булгария" теплоходы.
Сүңгуірлер Татарстандағы Еділ өзенінде суға батқан кемеден 13 адамның мәйітін алып шықты. Олар әлі де 100-ден астам адамның сүйегі жатқанын көргендерін айтады.

Құтқарушылар кеменің мейрамхана, бар, музыка салоны орналасқан орталық палубасын тексерген. Өйткені, аман қалғандардың айтуынша, кеме суға батар кезде сол маңда балалар мерекесі өтіп жатқан.

Жексенбі күні батқан кемеде 50-дей бала болған деген дерек бар. Бір куә кеме батардан бұрын балалардың артқы бөліктегі бөлмеде ойнап отырғанын айтады.

Соңғы мәлімет бойынша, кеме бортында 196 адам болған, оның 79-ы құтқарылды.

Апат себебі әлі тексеріліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы, артық салмақ және кеменің ескілігі (ол 1955 жылы құрастырылған) апатқа ұрындыруы ықтимал себептер болуы мүмкін.

Бұл оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG