Accessibility links

Белсенділер Кеден одағына қарсы шықты


Бүгін Алматыда «Рух пен тіл» жастар ұйымының белсенділері Кеден одағына қарсылық ретінде шеруге шықты деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Белсенділер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған үндеулерінде Кеден одағы Қазақстанның тәуелсіздігіне экономикалық және саяси қатер төндіреді деген қауіптерін айтады. Ел Ресей және Баларусьпен бірге Кеден одағына кірген соң көлік, жанармай және азық-түлік бағасы қымбаттағаны да бұл үндеуде жазылған.

Шеруге шыққандарды полиция бақылап жүрді. Белсенділер президент резиденциясына жетіп, ұран жазылған плакаттарын шығарған кезде полиция жолдарын бөгеп, плакаттарын тартып алды.
XS
SM
MD
LG