2012 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан шамамен 1 мыңдай Франция әскері шығарылмақ. Бұл - осы елдегі Франция әскерінің шамамен бір ширегі.
Сейсенбі күні Ауғанстанда Франция президенті Николя Саркози осылай деп мәлімдеді. Саркози Кабулдің солтүстігіндегі Сароби ауданындағы әскери базаға барған еді.
Франция әскері 2001 жылдан бері НАТО және АҚШ әскері құрамында Ауғанстандағы әскери амалдарға қатысып келеді. Осы аралықта қаза тапқан Франция сарбаздарының саны 64-ке жетті.
Маусым айында АҚШ президенті Барак Обама жыл соңына дейін Ауғанстаннан 10 мың әскер, 2012 жылдың қыркүйегіне қарай 23 мың әскер шығарылатындығын мәлімдеген еді.