Ауғанстан президенті Хамид Карзай сейсенбі күні оққа ұшқан інісін жерлеу үшін елдің оңтүстігіне барды. Жерлеу рәсіміне мыңдаған адам қатысты. Қауіпсіздік шарасы күшейтілді.
Қандағар уәлаяты кеңесін басқарған ықпалды саясаткер Ахмад Уәли Карзайды өз үйінде күзетшісі атып өлтірген. Бұдан бұрын оған "жемқорлық пен есірткі саудасы арқылы байлыққа қол жеткізді" деген айыптар тағылған еді. Ахмад Уәли Карзай бұл айыптарды жоққа шығаратын.
Оған жасалған қастандыққа байланысты жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алды.