Accessibility links

Обама: Сирия президенті өз заңдылығын жоғалтты


Дамаскіде шабуыл жасалған АҚШ елшілігі. 11 шілде 2011 жыл.
Дамаскіде шабуыл жасалған АҚШ елшілігі. 11 шілде 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Сирия президенті Башар әл-Асад демократиялық өтпелі кезеңді басқара алмағаны үшін өз заңдылығын жоғалтты деп мәлімдеді.

Осыдан бір күн бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да CBS News-ке берген сұхбатында осылай деп мәлімдеген болатын.

Шілденің 11-інде Асадтың қолдаушылары Дамаскідегі АҚШ пен Франция елшіліктеріне шабуылдаған болатын. Бұл әрекетті БҰҰ қауіпсіздік кеңесі айыптады.
XS
SM
MD
LG