Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі Мумбайдағы лаңкестік әрекетті өткір айыптады


Жарылыс орнына жеткен полицейлер. Mумбай. 13 шілде 2011 жыл.
Жарылыс орнына жеткен полицейлер. Mумбай. 13 шілде 2011 жыл.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Үндістанның Мумбай қаласында сәрсенбі күні 21 адамның өліміне себеп болған лаңкестік әрекетті өткір айыптады. Жарылыстан 100-де аса адам жараланды.

Америка президенті Барак Обама оқиғаны тексеруге көмек ұсына алатындығын білдірді.

Мумбайда қозғалысы көп көшелерде бір мезгіл шамасында үш жарылыс болған еді. Әзірге оқиға жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Мумбай, Нью-Дели және Калькутта қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бұл осы қаладағы 2008 жылғы 166 адам қаза тапқан оқиғадан бергі ірі лаңкестік әрекет болып отыр.
XS
SM
MD
LG