Accessibility links

Ауғанстанда Карзайдың кеңесшісі мен депутат қаза тапты


Бамиан уәлаятындағы қиратылған Будда мүсінінің орны.
Бамиан уәлаятындағы қиратылған Будда мүсінінің орны.
Ауғанстанда президент Хамид Карзайдың кеңесшісі Жан Мұхаммад Хан қаза тапты. Билік өкілдерінің хабарлауынша, оның үйіне жексенбі күні шабуыл жасалған.

Кеңесші Жан Мұхаммад Хан бұрын Урузган уәлаятының әкімі болған еді.

Елдің батысындағы Карти Чар ауданында парламент депутаты Мұхаммад Хашем Ватанвалға да қастандық жасалып, қаза тапты. Полицияның мәлімдеуінше, оның үйінің жанында қауіпсіздік күштері мен шабуылдаушылар арасында атыс болған. Оқиға жауапкершілігін тәліптер өз мойнына алды.

Сенбі күні Ауғанстанда НАТО-ның күзет қызметін жергілікті күштерге табыс ету процессі басталды. Бұл алдымен қауіпсіз деген Бамиан уәлаятында қолға алынды. Процесс 2014 жылы толықтай аяқталуы керек.

Шілденің 12-сінде Қандағарда Хамид Карзайдың бауыры Ахмад Уәли Карзай да қастандық салдарынан қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG