Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО әскерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды


Джон Аллен.
Джон Аллен.
Кабулде Ауғанстандағы НАТО әскері жаңа қолбасшысының ресми тағайындалуы болды. Бұрынғы қолбасшы генерал Дэвид Петреус Орталық барлау басқармасы директоры болып тағайындалғандықтан өкілетін генерал Джон Алленге өткізіп берді.

НАТО басшыларының ауысуы Кабулде Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың кеңесшісінің өлімінен бірнеше сағаттан кейін болды. Мухаммад Ханның өлімін тәліптер өз мойындарына алды.

Бірнеше күн бұрын Қандағарда әйгілі саясаткер - президенттің інісі кісі қолынан қаза тапқан еді. Жексенбі күні НАТО әскерлері Бамиан уәлаятында қауіпсіздікті сақтау міндетін үкімет әскеріне тапсыра бастады.
XS
SM
MD
LG