Accessibility links

Bild: Қазақстан президенті Германия ауруханасында жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 13 маусым. 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 13 маусым. 2011 жыл.
Bild басылымы хабарлағандай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның солтүстігіндегі ауруханада жатыр. Бірақ оның неден емделіп жатқаны немесе науқастың жай-күйі туралы толық мәлімет айтылмады.

Германиялық басылымның жазуынша, 71 жастағы Назарбаев Гамбург-Еппендорф медициналық орталығынан құпия жағдайда тексеруден өтіп, оның маңына мықты күзет қойылған.

Германияның сыртқы істер министрлігі президент Назарбаевты ауруханаға жеткізуге атсалысқан. Бірақ AFP ақпарат агенттігінің тілшісіне Германия сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Гамбургте жатқанынан бейхабар екенін айтқан.

Назарбаев түсті делінген аурухана өкілі Кристиан Крехер пікір білдіруден бас тартқан.
XS
SM
MD
LG