Accessibility links

Ферғана жазығында 6,2 балдық жер сілкінісі болды


Ферғана жазығында болған жер сілкінісінің зардабы. Өзбекстан, 20 шілде 2011 жыл.
Ферғана жазығында болған жер сілкінісінің зардабы. Өзбекстан, 20 шілде 2011 жыл.
Сәрсенбі күні таңертең Ферғана жазығында 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Америка сейсмологиялық орталығы мәлімдеді.

Зілзала кіндігі Өзбекстанның Ферғана қаласынан 40 шақырымдай жерде болған. Әзірге жер сілкінісінің зардабы жайында хабарланған жоқ.

Зілзала толқыны Орталық Азияның өзге елдерінде де сезілген.
XS
SM
MD
LG