Accessibility links

Белоруссиядағы наразылықта ондаған адам ұсталды


Қарапайым киінген қауіпсіздік қызметкерлері наразылық шарасына қатысқан адамды қамауға алып келе жатыр.Mинск. 20 шілде 2011 жыл.
Қарапайым киінген қауіпсіздік қызметкерлері наразылық шарасына қатысқан адамды қамауға алып келе жатыр.Mинск. 20 шілде 2011 жыл.
Cәрсенбі күні Беларуссиядағы билікке қарсы наразылық шарасында ондаған адам ұсталды. Оларға күш қолданылғаны хабарланды.

«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, үнсіз наразылық барысында 200 шамалы адам шапалақ соғып, аяғын тоқылдатқан. Ресми түрде мұндай шараға тиым салынса да наразылық осымен тоғызыншы сәрсенбіде өткізіліп отыр.

Елде инфляция мен жұмыссыздықтың өсуіне себеп болған дағдарысқа байланысты наразылық шаралары өткізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG