"Әл-Қаиданың" Йемендегі жетекшісі Айед әл-Шабуани осы аптада елдің оңтүстігінде өлтірілді деп хабарланды.
Йемен қорғаныс министрлігі бүгін мәлімдеме жасап, Айед әл-Шабуанидің сейсенбі күні "Әл-Қаида" орныққан Зинжибар уәлаятында өлтірілгенін айтты. Ол ұрыста "Әл-Қаида" басшысының немере інілерінің бірі Ауад әл-Шабуани де өлген. Министрлік бұл оқиғаның егжей-тегжейін айтпады.
"Әл-Қаида" Йемендегі халықтың үкіметке қарсы шыққан сәтін пайдаланып, осы елдің оңтүстігіндегі біраз жерді иемденіп алған еді. Бұл ұйымның Йеменге қанат жаюы АҚШ пен Парсы шығанағындағы елдерді қауіптендірген.