Accessibility links

АҚШ елшілігі Қазақстан "террорды қолдап отырған ел еместігін" мәлімдеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстандағы АҚШ елшілігі "Қазақстанды қандай да бір жолмен террорды қолдап отырған ел деп қарастырмайтынын" мәлімдеді.

"Жеке ел ретіндегі әрекеттеріне қоса Қазақстан екіжақты негізде де аймақта және бүкіл әлемде террормен күресте АҚШ-пен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеп және үлкен қолдау көрсетіп келеді" дейді АҚШ елшілігі.

Бұған дейін АҚШ Орталық Азиядан Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстанды "терроризм қаупі бар" елдер тізіміне енгізгенін жариялаған еді

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған алаңдаушылық білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG