Accessibility links

Адвокат: Норвегиядағы күдікті шабуылдарға жауапкершілікті алды


Норвегия шабуылдары үшін күдікті Андерс Бехринг Брейвиктің Фейсбуктан алынған суретін AFP агенттігі таратты.
Норвегия шабуылдары үшін күдікті Андерс Бехринг Брейвиктің Фейсбуктан алынған суретін AFP агенттігі таратты.
Норвегияда 94 адамның өмірін қиған қанды қырғынды жасады деген күдікті жұма күнгі екі бірдей шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды. Бұл туралы хабарлаған оның адвокаты Гейр Липпестад жергілікті телеарнаға берген сұқбатында, тегі норвегиялық күдікті Андерс Бехринг Брейвик жауапкершілікті мойнына алды деп айтты.

32 жастағы Брейвик "Еңбек" партиясының Утоя аралындағы жастар лагерінде 85 адамды атып өлтірген соң, полиция қолына түскен. Оның алдында Ослодағы үкімет үйінің жанында көлік жарылысы жеті адамның өмірін әкеткен еді. Брейвиктің фундаменталистік христиан тобымен байланысы болған.

Норвегиядағы шабуылдарды халықаралық қауымдастық қатты сынады. Сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен бастаған әлем елдері мәлімдеме таратып,Норвегиядағы қырғынды терроризм деп атады.
XS
SM
MD
LG