Accessibility links

Норвегиялық шабуылдаушы жалғыз әрекет еткенін айтты


Норвегиялық шабуылдарды жасадым деген Андерс Бехринг Брейвик.
Норвегиялық шабуылдарды жасадым деген Андерс Бехринг Брейвик.
Норвегия полициясының хабарлауынша, күдікті бір күнде көлік жарылысы мен жастарды жинап алып оқ жаудырған шабуылдарды жалғыз өзі жасағанын айтты. Полиция оның сөзінің рас-өтірігін анықтап жатыр. Себебі атысты көзбен көргендер тағы бір қарулы адамдардың болғанын айтқан.

Жұма күні Норвегияның Утоя аралындағы еңбек лагерінде болған атыстан 85 адам қаза тапты. Оның алдында Ослодағы үкімет үйінің жанында көлік жарылысы жеті адамның өмірін әкеткен еді.

Қамауға алынған Брейвиктің фундаменталистік христиан тобымен байланысы болған. Норвегияда 94 адамның өмірін қиған қанды қырғынды жасады деген күдікті жұма күнгі екі бірдей шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды.
XS
SM
MD
LG