Accessibility links

Норвегия теракт құрбандарын еске алады


Құрбандарды еске алуға жиналған халық. Осло. 24 шілде 2011 жыл.
Құрбандарды еске алуға жиналған халық. Осло. 24 шілде 2011 жыл.
Бүгін Норвегияда қос бірдей теракт құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.

Елдің премьер-министрі мен король әулеті азалы рәсімді Осло университетінде өтейді.

Швеция да Норвегияға қолдау білдіріп, бір минут үнсіздік жариялады.

Утойя аралындағы жастар лагеріне шабуылдады деп айыпталған Андерс Брейвик бүгін сот алдында жауап береді. Онда Брейвикті қамауда ұстаудың жайы шешіледі.

Қорғаушысының айтуынша, жұма күнгі лаңкестік шабуылды Брейвик өзі жасағанын мойындаған.

Шабуылда 93 адам құрбан болып, 100-ден астам адам жараланды. Тағы бірнеше адам хабар-ошарсыз кетті.
XS
SM
MD
LG