Accessibility links

Норвегия прокуроры Брейвиктің сотын жабық өткізуді сұрады


Журналистер Брейвиктің соты өтеді деген сот залының алдын бағып тұр. Осло. 25 шілде. 2011
Журналистер Брейвиктің соты өтеді деген сот залының алдын бағып тұр. Осло. 25 шілде. 2011
Норвегия прокурорлары жұма күні 90 аса адамның өмірін қиған шабуылдаушының сотын жабық әрі ақпарат құралдарының қатысуынсыз өткізуді сұрап отыр.

Үкімет үйін жарып, аралда жастар лагерінде қырғын жасады деген күдікті Андерс Беринг Брейвиктің соты бүгін Ослода өтуі тиіс.

32 жастағы норвегиялық 93 адамның өмірін қиып, бірнеше кісі ауыр жараланған шабуылдарды бір өзі жасағанын айтып отыр. Және ол жаппай адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті алудан бас тартады.

Брейвиктің әсіре діншіл христиан тобымен байланысы болған. Ол Еуропада мұсылмандардың көбейіп кеткеніне наразы екенін білдірген.
XS
SM
MD
LG