Accessibility links

Норвегияда Брейвиктің ісіне қатысты сот тыңдаулары жабық өтті


Андерс Брейвиктің интернеттен алынған суреті.
Андерс Брейвиктің интернеттен алынған суреті.
Норвегия 93 адамның өмірін қиып, бірнеше кісі ауыр жараланған шабуылдарды бір өзі жасағанын мойындаған 32 жастағы күдікті Андерс Беринг Брейвик сот тыңдауларына қатысып, отырыс 35 минутқа созылды. Оның ісі прокурорлардың сұрауы бойынша жабық есік жағдайында өтті.

Прокуратура Брейвикті сотқа дейін сегіз апта қамауда ұстауды сұрады. Брейвиктің әсіре діншіл христиан тобымен байланысы болғаны айтылуда.

Ол Еуропада мұсылмандардың көбейіп кеткеніне наразы екенін білдірген. Норвегия халқы бір минут үнсіздік жариялап, жұма күнгі атыс пен жарылыс құрбандарын еске алды.
XS
SM
MD
LG