Accessibility links

Ақтөбедегі атыстан бір адам қаза тапты


Ақтөбе қаласындағы атыста полицейлердің қолынан бір адам қаза тапты.

Бұл турасында сейсенбі күні Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев хабарлады. Ол күдіктінің 10 шілде күні оқ тиіп қаза тапқан 22 жастағы ер адамның өліміне қатысы барын айтты. Соған орай қылмыстық іс қозғалып, төрт күдіктінің тұлғасы анықталған.

Оның үшеуі дүйсенбі күні ұсталған. Ұстауға "Арлан" арнайы жасағы да қатысқан. Төртіншісін ұстау кезінде ол қарулы қарсылық көрсеткен. Оны ұстау кезінде оқиға маңындағы үйдің тұрғындары көшірілген. Сол жерде қаза тапқан 24 жастағы күдіктіден аңшы мылтығы мен оқ-дәрі табылған.

Ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, прокуратура полицейлердің қару қолданғанын заңды деп тапты.
XS
SM
MD
LG