Accessibility links

Өзбекстан азаматы Обаманы өлтірмек болды деп айыпталды


Ұлықбек Қодиров.
Ұлықбек Қодиров.
АҚШ-тың Алабама штатында Өзбекстанның 21 жастағы азаматы Ұлықбек Қодиров Обаманы өлтірмек болып бірнеше рет қоқан-лоққы көрсетті деп айыпталды. Оған заңсыз қару (граната және пулемет) сақтады деген айып та тағылды.

Қодиров шілденің 13-інде полиция агентінен қару сатып алған соң "Лидс" мотелінде тұтқындалды. Егер ол кінәлі болса, әрбір қоқан-лоққысы үшін 5 жылдан, заңсыз қару сақтағаны үшін 10 жылға кесілуі мүмкін.

Ұлықбек Қодиров 2010 жылдың сәуірінде студенттік визасы аяқталғаннан кейін АҚШ-та заңсыз тұрып келген.
XS
SM
MD
LG