Accessibility links

Норвегия полициясы Брейвиктің жарылғыш заттарын жойды


Норвегиялық күдікті жалға алған ферма.
Норвегиялық күдікті жалға алған ферма.
Норвегиялық полиция өткен аптада 76 адамның өмірін қиған шабуылдарға жауапкершілікті алған Андерс Брейвиктің Осло маңындағы фермасында сақталған жарылғыш заттар қоймасын тауып, залалсыздандырдық деп айтты.

Ол жарылғыш заттардың көлемі мен күші қаншалықты болғаны жайлы ештеңе айтылмады. Сонымен қатар полиция Ослодағы жарылыс пен Утоя аралындағы атыста құрбан болғандардың тізімін жариялады.

Қамаудағы Брейвиктің адвокаты ол шабуылдарға жауапкершілік алғанымен, кінәні мойнына алғысы келмей отырғанын айтып, Брейвик өзін Батыс әлемін мұсылмандар басқыншылығынан құтқарушы ретінде көрсеткісі келеді деді.
XS
SM
MD
LG