Accessibility links

Еуропалық депутаттардың Қазақстан президентіне жолдаған хаты жарияланды


Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи Жаңаөзенде ереуілшілермен кездесіп тұр. 17 шілде. 2011 жыл.
Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи Жаңаөзенде ереуілшілермен кездесіп тұр. 17 шілде. 2011 жыл.
Бүгін Еуропа парламенті депутаттарының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хаттары жарияланды. Онда бір топ еуропалық депутат Қазақстан билігін Маңғыстауда бірнеше ай ереуілдеген мұнайшылар мәселесін бейбіт реттеуге шақырған.

Олар "еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен бейбіт ереуілшілерге қарулы қауіпсіздік күштері шабуылдағанынан хабарымыз бар" деп жазады.

Еуропарламент өкілдері қамауға алынған мұнайшылар босатылып, оларға қарсы қозғалған қылмыстық істер жабылады деген үміттерін жеткізген.

Маңғыстау облысындағы бірқатар мұнай-газ компанияларының жұмысшылары мамыр айынан бері ереуілдеп тұр. Шілде айының ортасында олардың жағдайымен танысуға Еуропарламент депутаты Пол Мерфи барып қайтқан.
XS
SM
MD
LG