Accessibility links

Ереуілдеген мұнайшылар жұмыстан шығарылып жатыр


Ереуілдеген мұнайшылар. Жаңаөзен. 17 шілде 2011 жыл.
Ереуілдеген мұнайшылар. Жаңаөзен. 17 шілде 2011 жыл.
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының тағы да 30 жұмысшысы жұмыстан шығарылды.

«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясы сәрсенбіде осылай деп хабарлады. Хабарламада босаған орынға филиалдың жаңа жұмысшыларды алуды қарастыра бастағаны айтылған. Бұл жағдай «Қаражанбасмұнай» біріккен кәсіпорнында да жалғасып отыр.

Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі мамыр айында басталды. Қазірге дейін 400 шамалы жұмысы шығарылған. Жұмысшыларды жұмыстан шығармау жөніндегі мораторий 25 шілдеде аяқталды. Алғашқы жартыжылдықта мұнай өндіру көлемі 3 пайызға түсіп кетті делінген хабарламада. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 6 пайызға дейін төмендеуі мүмкін деп болжанып отыр.

Ал сәрсенбі күні Қазақстан қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен журналистері ереуілдеушілердің отбасын қолдау үшін қоғамдық комитет құру бастамасын көтерді.
XS
SM
MD
LG