Accessibility links

Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин Бен Әли мен оның күйеу баласы 16 жылға сотталды. Оларға жемқорлық жасады деген айып тағылды.

Тунис соты Бен Әлидің қызы Нәсринді де сегіз жылға соттап, 50 миллион динар айып төлеуге міндеттеді.

Бұл - Тунистің тақтан тайған президентіне байланысты өткен үшінші сот процессі.

Қаңтар айында халық толқуынан кейін биліктен қуылған Бен Әли әулетімен бірге Сауд Арабиясын паналап отыр.
XS
SM
MD
LG