Accessibility links

Халықаралық валюта қоры долларға күмәнмен қарай бастады


АҚШ қарыз дағдарысын шешпесе, доллардың әлемдік резервтік валюта ретінде қалу-қалмауы неғайбыл.

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард бейсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе шешілмесе, доллардың бағасы төмендеп кетуі мүмкін.

АҚШ конгресінде елдің қарыз лимиті жөнінде дау өршіп тұрғаны белгілі. Лагард америкалықтарды "өз елі және әлемдік экономика үшін" келісімге келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG