Accessibility links

Польша Смоленскідегі апаттың себебі туралы есебін жариялайды


Смоленск маңында апатқа ұшыраған поляк ұшағы, Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.
Смоленск маңында апатқа ұшыраған поляк ұшағы, Ресей, 10 сәуір 2010 жыл.
Польша президентінің 2010 жылы сәуірде Смоленскіде апатқа ұшырағанын тексеріп жатқан поляк үкіметтік комиссиясы оқиғаның себебін анықтаған есебін бүгін жариялайды.

Польша комиссиясы Мемлекетаралық авиация комитетімен (МАК) қатар бір жылдан бері тергеу жүргізіп жатыр.

Варшаваның пікірінше, ол оқиғаға екі тарап - Польша да, Ресей де айыпты.

МАК дайындаған есепте апаттың басты себебі ретінде экипаждың іс-әрекеті айтылған.

Смоленск маңындағы апаттан арасында поляк президенті Лех Качиньский бар 96 адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG