Сирияда президент Башар әл-Асадтың қызметтен кетуін талап еткен үкіметке қарсы шаралар кезінде - төрт айдың ішінде үш мыңдай адам жоғалып кетті деп хабарлады белсенділер тобы "Авааз.орг" сайтында бейсенбі, 28 шілде күні.
Олардың айтуынша, сириялық 2918 адам қауіпсіздік күштері тұтқындап немесе ұрлаған соң жоғалып кеткен. Белсенділер "Жоғалған сириялықтарды құтқар" деген онлайн-кампания ұйымдастырып, халықаралық қауымдастықты жоғалған адамдарды босатуды талап етуге шақырды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, президент Башар әл-Асадтың билігіне қарсылық кезінде 1600-дей белсенді қаза тапқан. Олардың көбісі - бейбіт тұрғындар.