Accessibility links

Қазақстан Өзбекстанда ұсталған саяхатшылар туралы нота тапсырды


Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне осы елде ұсталған қазақстандық саяхатшыларға байланысты жағдайды түсіндіруді өтінген нота жолданды деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

"Өзбекстан арасында кәмелетке толмаған 8 бала бар 12 адамның ұсталғанын неге дипломатиялық өкілдікке хабарламаған" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Қазір тұтқындалған 4 ересек адам Қыбырай қаласындағы реаблитация орталығында, 8 бала Янгиюль қаласындағы арнайы қабылдау орнында отыр.

Тұтқындалған балалар 28 шілде күні Өзбекстанға келген ата-аналарымен кездесті. Оларды 30 шілдеде Қазақстанға қайтару жоспарланып отыр дейді министрлік таратқан мәлімдеме.

Оңтүстік Қазақстан облысында Майдантауға шығамыз деп кеткен 12 адамнан құралған саяхатшылар тобы 20 шілдеде қайтулары керек болған. Бірақ олардан мүлде хабар болмаған соң құтқару шаралары басталған. Шілденің 14-15-і күндері саяхатшыларды Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі ұстаған деген хабар келді.
XS
SM
MD
LG