Accessibility links

Түркияның әскери басшысы қызметінен кетті


Түркияның әскери күштер қолбасшысы Ишик Кошанер. 28 тамыз. 2010 жыл.
Түркияның әскери күштер қолбасшысы Ишик Кошанер. 28 тамыз. 2010 жыл.
Түркия әскерилерінің басшысы исламшыл үкіметпен текетірестен кейін орнынан кетті.

Түркия армия күштерінің бас қолбасшысы, генерал Ишик Кошанер жердегі, теңіз және әуе күштері басшыларымен бірге жұма күні қызметінен бас тартты. Ол өзінің қызметтен кетуін әскери офицерлердің түрмеге жабылуына наразылық танытуымен байланыстырды.

Үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған кеңсесі таратқан мәлімдемеде, 4 әскери қолбасшы зейнетке шықты деп айтылған. Түркия премьер-министрі Ердоған үкіметі мен әскери басшылар арасындағы текетірес соңғы жылдары ушығып жүрген.

Ердоған үкіметін құлатпақ болды деген айыппен 250-дей әскери қызметкер қазір түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG