Accessibility links

Ақ үйде қарызға қатысты келіссөздер жүріп жатыр


АҚШ Сенатының сипкері Харри Рейд. 29 шілде. 2011
АҚШ Сенатының сипкері Харри Рейд. 29 шілде. 2011
АҚШ-тың қарыз лимитіне қатысты дауды шешуге бағытталған келіссөздер Ақ үйде жалғасып жатыр. Обама әкімшілігіндегі ресми өкілдер мен Конгрестегі Республикалықтар жетекшісі айтарлықтай прогресстерге қол жеткізген.

АҚШ Сенаты қарыз лимитін көтеруге қатысты Өкілдер палатасы ұсынған заң жобасын кері қайтарып, демократтардың ұсынысына дауыс беру кейінге қалды.

Сенаттағы демократтар жетекшісі Харри Рейд мәмілегерлер бір ұйғарымға келгенше, дауыс беруді кейінге қалдырып келе жатқанын айтты.

Өкілдер палатасының өкілі, республикалық Джон Бейнер АҚШ қарыз дефолтына ұшырамау үшін президент Обамамен соңғы сәтте келісімге келетіндеріне сенімді болған.

Егер бұл келісім жасалмаса, АҚШ-ты сейсенбі күні техникалық дефолт күтіп тұр. Оның әлем экономикасына үлкен салдары болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG