Accessibility links

Сауд Арабия мен бірқатар елдер Рамазан айын дүйсенбіден бастайды


Көрнекі сурет.
Сауд Арабия мен бірқатар араб елдері мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы дүйсенбіден басталады деп жариялады.

Саудия соты бүгін Шағбан айының соңғы күні, дүйсенбі күні Рамазан айының алғашқы күнінде Ораза ұстау басталуы тиіс деп жариялаған.

Әдетте әлемдегі мұсылман елдері Сауд Арабияның дәстүрін ұстанып, ораза тұтады. Шийт мұсылмандары ғана Иранның есептеуімен жүреді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG