Accessibility links

Сербия парламенті Косовоны бейбітшілікке шақырған қарар қабылдады


Косово мен Сербия шекарасындағы әскер. 29 шілде. 201111
Косово мен Сербия шекарасындағы әскер. 29 шілде. 201111
Сербия парламенті 10 сағаттық талқылаудан кейін бір жыл бұрын бөлініп шығып, тәуелсіздік жариялаған Косово елін бейбіт жағдайға шақырған қарар қабылдады.

Сербияның үкіметке жақын коалициясы Косовоға қарсы күш қолданылмайды деген президент Борис Тадичпен келісті.Өткен аптада Косово өзінің Сербиямен шекарасына полиция жасағын орналастырып, аймақта этникалық қақтығыстар болды.

Серб депутаттары Косоводағы НАТО мен Еуропа Одағының өкілдерін жергілікті албан жетекшілерін қақтығыс үшін айыптаған еді. Кейбір ұлтшыл бағыттағы партиялар Сербияны Косовдағы азшылық сербтерді қорғау мақсатында аймақта әскери операциялар жүргізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG