Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Сирияны 136 адамның қазасы үшін айыптауда


Халықаралық қауымдастық жексенбіде Сирияда кем дегенде 136 адам қаза тапқан оқиғаны айыптап жатыр. Қақтығыс шерушілер мен полиция арасында өрістеген еді.

Куә болғандардың айтуынша, оқиға президент Башар әл-Асадтың кетуін талап етушілердің орталығына айналған Хама қаласында болған. Әскер елге қарсы танкіден оқ жаудырған.

Германия мұндайда БҰҰ-да шұғыл кеңес өткізуді ұсынды. АҚШ пен Еуропа Одағы Сирия билігінің әрекетін қатаң айыптады. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сириядан күш қолдануды тоқтатуды талап етті.

Ілгеріде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Ұлыбритания, Франция, Португалия және Германия Сирияны айыптау қарарын ұсынған еді. Алайда оған Ресей мен Қытай бастатқан елдер қарсы болды.
XS
SM
MD
LG