Accessibility links

Қазақстанның cыртқы істер министрлігі Пол Мерфиді сынады


Еуропалық парламент депутаты Пол Мерфи. 19 шілде. 2011 жыл
Еуропалық парламент депутаты Пол Мерфи. 19 шілде. 2011 жыл
Қазақстан Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфидің әрекетін елдің ішкі ісіне араласу деп бағалайды деді министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Оның айтуынша, Пол Мерфи елдің заңына қайшы әрекетке барған. Ол сот жүйесіне қысым жасауға тырысты дейді Омаров.

Еуропалық парламент депутаты Пол Мерфи шілденің 17-і күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына барып, "Қазмұнайгаз Барлау.Өндіру" компаниясының басшылығымен кездесіп, оның өндіріс орны "Өзенмұнайгаз" бөлімшесінде болып, ереуілдеген мұнайшылармен кездесу өткізген.

27 шілдеде Еуропалық парламент депутаттары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, елдегі мұнайшылар мәселесін бейбіт реттеуге шақырған.

Маңғыстау облысындағы мұнайшылар ереуілі мамыр айында басталған болатын.
XS
SM
MD
LG