Accessibility links

Евгений Жовтис мерзімінен бұрын босатылмайтын болды


Құқыққорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.
Құқыққорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2009 жыл.
Өскеменде қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан құқыққорғаушы Евгений Жовтис мерзімінен бұрын босатылмайтын болды.

Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының басшысы қызметін атқарушы Роза Ақылбековаға сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі осылай деп хабарлады.

Мәліметке қарағанда, түрме комиссиясы бұл турасында бір ауыздан дауыс берген. Себебі ретінде Жовтистің тәртіптік жазаның бірін өтемегені айтылған.

Дүйсенбі күні қазақстандық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдары мәлімдеме жариялап, Жовтистің мезгілінен бұрын босатылуынан мүдделілік танытқан еді.

Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис «жол жүру ережесін бұзып, кісі өліміне себепкер болды» деген айыппен 2009 жылдың 3 қыркүйегінде 4 жылға сотталды.

Биыл жыл басында Өскемен түрмесі әкімшілігінің комиссиясы осы мәселені қарап, онда да Жовтисті босатпау туралы шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG