АҚШ президенті Барак Обама мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі тілектерін айтты.
Ақ үй таратқан мәлімдемеде Обама, Рамазан айында жағдайы жоқ адамдарға қайырымдылық жасаудың маңызды екеніне тоқтала келе, жұртты құрғақшылық пен ашаршылықтан зардап шегіп жатқан Сомали мен Оңтүстік Африка аймағындағы халыққа көмектесуге шақырды.
АҚШ сарапшылары бұл аймақта ашаршылық тауқыметін онмыңдаған халық тартып жатыр деп айтады.
Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тіпті Рамазан басталғанына қарамастан, Сирия билігі тұрғындарға шабуылдап, қырғын жасап жатыр деді. Оның пікірінше, бұл президент Башар әл-Ассад режимінің қатыгездігін көрсетіп отыр.
Клинтон Рамазан айында отбасымен бірігіп, құдайға мінәжат етудің орнына біз қаза тапқандардың, әсіресе бейкүнә балалардың өліміне қайғырып жатырмыз деп айтты.