Accessibility links

Обама қарыз лимитін арттыратын заңға қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон. 2 тамыз 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон. 2 тамыз 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама сейсенбі күні елдің мемлекеттік қарыз лимитін өсіру туралы заңға қол қойды. Бұл болуы мүмкін дефолттың алдын бөгейді.

Бұған дейін осы құжатты айтарлықтай дауыс айырмашылығымен конгресс те мақұлдаған болатын.

Заңға сәйкес енді мемлекеттік қарыз межесі 2,4 триллион долларға жеткізілмек. Сонымен бірге алдағы он жыл ішінде мемлекеттік шығынды 2,1 триллион долларға қысқарту жоспары да бекіді.

Сейсенбіде бұл заңға қол қойылғанына қарамастан АҚШ-та қор биржасының негізгі бағамы түсіп кетті.
XS
SM
MD
LG