БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі күні сегіз сағаттық талқылаудан соң тағы да Сирия жөнінде белгілі бір тоқтамға келе алмады.
Сәрсенбі күні кеңес Сирияның бейбіт тұрғындарға қарсы әрекетін айыптайтын қарар жобасын талқылауды жалғастырады.
Шілденің 31-інде Хама қаласындағы және басқа да өңірдегі Сирия әскері операциясы кезінде кем дегенде 140 шеруші қаза тапқан соң Қауіпсіздік кеңесі тоқтап қалған талқылауды жалғастырған болатын.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне бұдан бұрын Ұлыбритания, Франция, Португалия және Германия Сирияны айыптау қарарын ұсынған еді. Алайда оған Ресей мен Қытай бастатқан елдер қарсы болды.