Accessibility links

Балқаш түрмесінен 4 тұтқынның қашқанын жоққа шығарды


Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Балқаш түрмесінен төрт қауіпті қылмыскер қашты деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сәрсенбі күнгі комитет хабарламасында мұндай мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтіні айтылған. Хабарламада түрмедегі жағдайдың бақылауда екендігі атап көрсетілген.

Мұның алдында интернет сайттарында Балқаш түрмесінен аса қауіпті төрт тұтқынның қашқаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG