Тәжікстан билігі елдегі ислам ықпалының өсе түскенін шектеу шараларының бірі ретінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мешітке барып, намазға қатысуына тыйым салды.
Тәжік президенті Эмомали Рахмон бүгін адам құқын қорғаушылар мен Ислам қайта өрлеу партиясының қарсылығына қарамастан, заңға қол қойды.
Бұл заң бойынша, 18 жастан кіші балаларға мешітте сабақ алуға болмайды. Биліктің айтуынша, жастар исламизмге бой алдырып барады.
Орталық Азиядағы кедей елдердің бірі Тәжікстанда негізінен сүннит мұсылмандары тұрады. Бұл елдің Ауғанстанмен арада өте ұзын әрі тұрақсыз шекарасы бар.