Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияны айыптады


Хама қаласы маңындағы әскери техника. 3 тамыз 2011 жыл.
Хама қаласы маңындағы әскери техника. 3 тамыз 2011 жыл.
Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі наразылық танытқандарды аяусыз жаныштаған Сирия билігінің әрекетін айыптады. Кеңес жариялаған мәлімдемеде Сирияның азаматтарға қарсы күш қолданып, адам құқығын бұзуына жолу беруге болмайтыны айтылған.

Мәлімдемені Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі түгел мақұлдады. Ливан құжат мәтінімен келіспейтіндігін білдірді, бірақ оның қабылдануына қарсы шықпады.

Сирия билігі Хама қаласында жексенбі күні танкінің көмегімен әскери операция бастады. Құқық қорғаушылар жүзден аса адамның қаза тапқанын айтады.
XS
SM
MD
LG