Accessibility links

Жақсылық Досқалиев 7 жылға сотталып, қатаң тәртіптегі түрмеге кесілді


Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Астана, 3 тамыз 2011 жыл.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Астана, 3 тамыз 2011 жыл.
Қазақстанның бұрынғы денсаулық министрі Жақсылық Досқалиев жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Жұма күні жарияланған сот үкімінде оның жазаны қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтіндігі және дүние-мүлкі тәркіленетіндігі айтылған.

Астанадан, сот залынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл үкім үш эпизодтан тұратын істің бірінші эпизоды бойынша шығып отыр. Бұл эпизод бойынша Досқалиев ректор болып тұрған кезінде Медицина академиясының аумағына үй сауға жер беріп, мемлекетке шығын келтірді деп айыпталған.

Екінші эпизод бойынша Досқалиевтің 2009 жылы "Жедел-жәрдем ғылыми-зерттеу институтын" пайдалануға беруге қатысты іс қаралды. Бірақ прокурор Тельман Әленов жәбірленушіден шағым түспегендіктен, бұл айыпты алып тастаған еді.

Үшінші эпизод бойынша Досқалиев "Телемедицина" бағдарламасын мемлекеттік сатып алуда мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталды. Бұл бойынша іс 1 тамызда қосымша тергеуге жіберілді.

Алқа билер Жақсылық Досқалиевпен бірге Нұрлан Дүйсәлиевті пара беруге қатысты кіналы деп тапқан еді. Алайда Дүйсәлиевтен бұл айып алынып тасталды.

Досқалиевтің адвокаттары істі аппеляцияға беретіндігін айтқан.

Бұрынғы министр қызмет бабын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған еді.
XS
SM
MD
LG