Accessibility links

Түркіменстанда президент сайлауы 2012 жылы 12 ақпанда өтеді


Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Түркіменстан парламенті елдегі президент сайлауын 2012 жылы 12 ақпанда өткізуді мақұлдады.

Елдің қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов 2007 жылы 11 ақпанда ресми түрде президент болып жарияланған еді. Түркіменстанның одан бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов елді қайтыс болғанша - 2006 жылға дейін 21 жыл басқарған.

Түркіменстанның жаңа конституциясы бойынша, президент 5 жылға сайланады.
XS
SM
MD
LG