Accessibility links

Сомали 3 айда 30 мыңдай бала аштан өлді


Аштықтан арықтаған 3 жасар Абдихакин Омар Могадишо ауруханасында отыр. Сомали, 21 шілде 2011 жыл.
Аштықтан арықтаған 3 жасар Абдихакин Омар Могадишо ауруханасында отыр. Сомали, 21 шілде 2011 жыл.
Сомалиде соңғы үш айда бес жасқа дейінгі 29 мыңнан астам бала аштан өлді деп мәлімдеді АҚШ үкіметінің гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өкілі Нэнси Линдборг.

Оның айтуынша, Сомалидегі аштық зардабы туралы осындай анық деректі Ауруды бақылау мен алдын-алу орталығы берген.

Сомалиде соңғы айда 60 жылдан бері болмаған қуаңшылық кесірінен он мыңдаған адамның көз жұмғанын БҰҰ да хабарлаған еді. Бұл елге гуманитарлық көмек жеткізу ісіне "әл-Қаидаға" қатысы бар содырлар кедергі келтіріп жатыр.
XS
SM
MD
LG