Accessibility links

Түркия Ираннан Сирияға бара жатқан қару тасымалын тоқтаттық деді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглы өз елінің Сирияға бара жатқан ирандық қару тасымалының жолын кескенін растады.

«Анадолы» ақпарат агенттігі Давутоглының сөзіне сілтеме жасап, бұған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр деді.

Германиялық Sueddeutsche Zeitung басылымы бейсенбі күні батыстық дипломаттардың “Түркия Сирияға бара жатқан Иранның қару жүгін тоқтатты” деп айтқанын келтірген.

Наурыз айында Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ұйымның қару-жарақ эмбаргосына қарамастан, Сирияға қару-жарақ жеткізбекші болған Иранның жолын кестік деген.
XS
SM
MD
LG