Accessibility links

БҰҰ басшысы Ассадты әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун. 6 шілде. 2011
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун. 6 шілде. 2011
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия президенті Башар әл-Ассадқа елдегі қақтығыстың ушығып бара жатқанына алаңдаулы екенін айтып, бейбіт халыққа қарсы әскери күш қолдануды тоқтатуды талап етті.

Пан Ги Мун кеңсесі таратқан мәлімдемеде, соңғы күндері Сирияда құрбан болған бейбіт халықтың саны артып бара жатқанына халықаралық қауымдастық қатты алаңдаушылық білдіреді делінген.

Бас хатшы Сирия президенті өз азаматтарына қарсы әскери күш қолдануды тезарада тоқтатуы керек деген. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, Пан Ги Мун бірнеше ай бойы Ассадпен сөйлесуге тырысып көрген, бірақ Сирия президенті онымен сөйлесуден бас тартқан. Соңғы рет Пан Ги Мун Ассадпен мамыр айында сөйлесіп, демократияшыл шерушілерді күшпен басуды тоқтатуға үндеген.

Сириядағы Адам құқықтары жағдайын бақылап отырған топтың хабарлауынша, жексенбі күні армия күштері Дейр Еззор қаласына танкімен шабуылдаған.
XS
SM
MD
LG